Үлкен Алматы айналма тас жолы маусымда пайдалануға беріледі

08.04.2023 00:01

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі айтты

Авторы: Алексей Старков

Үлкен Алматы айналма тас жолы маусымда пайдалануға беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде күре жолдың құрылысы аяқталған. Жоспар бойынша 2024 жылы қолданысқа берілуі керек болған тас жол мерзімінен бұрын іске қосылмақ. БАКАД құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Айта кетейік, бұған дейін жол сәуір айында толық ашылады деген қауесет тараған еді.

«Үлкен Алматы айналма жолын биылғы жылдың маусым айында беруіміз керек. Жол ақылы болады. Қазіргі уақытта жолдың құрылыс жұмыстары толық біткен. Қазір тек қана безендіру жұмыстары қалды», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитет төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр.