Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде ақпаратты күшейтті
Almaty_Joly телеграм арнасы тұрғындарды Алматыдағы жолдың жайы туралы хабардар етуді жалғастырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімдігі әлеуметтік желілер мен сервистерде ақпаратты күшейтті. Алматыдағы жолдың жайына қатысты жаңа ресурс қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері үшін маңызды ақпарат көзінің біріне айналды.
Almaty_Jolly арнасында жол мен қаладағы көлік қызметіне қатысты қажетті ақпарат жарияланады. Әлеуметтік желі қолданушылары тек жолға қатысты жаңалықтардан уақытылы құлағдар болады.
Алматы әкімдігінің жаңалықтар арнасына @almatyjoly сілтемесі бойынша жазылуға болады.
Алматы қ. әкімдігінің Facebook, Instagram, Telegram парақшасы да бар.
Оқи отырыңыз: Алматы әуежайында көлік тұрағы ашылады