Жоба әзірге пилоттық режимде іске қосылған
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі артуда. Тегін такси қызметін пайдаланып жүргендеріне 1 ай болған олар жаңа қызметке баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол үшін танымал тасымалдаушы агрегаторында INVA арнайы тарифі қолданылған.
– Мені такси күтіп тұр. Такси ақысын мемлекет төлейді. Кез келген уақытта тапсырып беріп, қаладағы қалаған жеріме дейін апарып тастайды, – деді қала тұрғыны Ермек Байсалбеков.
INVA тарифінде жүргізушілер жолаушыларды күтіп алып, көлікке дейін жетуге көмектеседі. Бұл жоба әзірге пилоттық режимде іске қосылған. Себебі бірнеше түзетуді қажет етеді. Сонымен қатар мегаполисте «Инватакси» сервисінің 100-ге жуық автокөлігі қатынайды.
– Мен компьютер мен гаджеттердің тілін толық білмеймін. Тек телефонмен тасырыс беруді үйреніп алғанмын. Келесі күнге маршрутты жоспарлап қоямын. Ал олар мені межелі жеріме жеткізіп, үйге керек уақытта әкеліп тастайды. Жүргізушілер жақсы. Олар сапар кезінде сөйлескенді ұнатады, – деді қала тұрғыны Әділқазы Олжақұлов.
Оқи отырыңыз: "Көлігіңді заңдастырып беремін": мегаполисте алаяқтықтың 45 дерегіне қатысы бар азамат анықталды