Сарапшылар қалада қозғалыс құралдарының 12 жаңа бағыты пайда болғандығын айтты
2050 жылға дейінгі қаланы дамыту стратегиясының басты басымдықтарының бірі - көлік жүйесін модернизациялау. Бұл міндетті жүзеге асыру жолдарын Алматыда отандық және шетелдік сарапшылар талқылады. Кейбір мамандар тіпті өз жобаларын да әзірлеп үлгеріпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қолданыста бар көлік жүйесін жетілдіру үшін қомақты инвестициялар қажет. Ал оларды тарту үшін, әзірленетін жобалар мінсіз болуы тиіс. Сондықтан стратегия аясында пысықталған дүниелерді сарапшылар тағы бір мәрте сүзгіден өткізіп, қала тұрғындары арасында онлайн-сұрстыру жүргізу қажет дейді.
Алматы – аймақтағы ең маңызды көлік торабы болып саналады. Соңғы 10 жылдың ішінде қалада 30-дан астам жол айырықтары салынып, шағын көлік сақинасы да қалыптасты. Үлкен Алматы айналма жолы салынып, қала LRT жобасын жүзеге асырды. Ал, соңғы жылдары қала метроны дамытуды да жоспарлап отыр. Десе де, қала тұрғындарын мегаполистегі жол торабы, жол айрықтары, аялдамалар және қалада қоғамдық көліктердің қозғалысындағы, олардың бағытындағы түйіні шешілмеген көптеген мәселелер мазалайтын көрінеді.
Мегаполисте көлік түсіретін салмақты азайту үшін айналмалы жолдар мен көпірлер, метро құрылысы жалғасуда. Бірақ бұл шаралар әлі де болса жеткіліксіз дейді сарапшылар. Инвестиция тарту үшін тыңғылықты зерттеулер қажет.
«Бүгін біз Алматыда соңғы 5 жылда көлік саласында жүзеге асырылған жобалар мен қабылданған шешімдерге қысқаша шолу жасадық. Бұл аналитикалық құжаттар жылдың аяғында дайын болып, келесі жылы сайтқа орналастырылмақ. Зерттеу шамамен 3 айға созылады деп жоспарлануда. Халықаралық тәжірибе мен Алматы қаласының тәжірибесін салыстыра зерттеп, көлік саласының проблемалық бағыттары мен оң аспектілерін көрсететін ұсыныстардың тізімін құрдық», – деді URBAN FORUM KAZAKHSTAN қоғамдық қорының көлік қатынасы жөніндегі сарапшысы Роман БАРАБАНОВ.
Сарапшылар қалада қозғалыс құралдарының 12 жаңа бағыты пайда болғандығын айтады. Оған себеп - қоғамдық көліктердің қатынау уақытының ұзақтығы. Тіпті, қаланың кейбір жерлерінде құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты қоғамдық көліктер оны айналып өткендіктен, жолаушыларды жетер жеріне кешіктіріп апарады екен.
«Адамдар бір жерден отырған кезде екінші жерге тезірек жеткісі келеді. Оны айналып, өзіне керек емес, басқа ықшамаудандарына кіргісі келмейді. Бұл келешекте Алматы қаласындағы барлық автобустар мен маршруттарды, ЛРТ, БРТ, метро желілерімен қарым-қатынасы, олар қалай жұмыс жасайды деген сұрақтарға жауап беру мақсатында жасалып отырған жоба болып табылады», – деді «Алматы қаласы көлік холдингінің» көлікті жоспарлау жөніндегі маманы Нұрсұлтан МАРАТОВ.
«Кейбір адамдар аялдамалардың арасындағы қашықтық үлкен екендігі туралы арыз жазып жатады. Сонымен қатар, бизнес қоғамдығы көбінесе қоғамдық көлікке арналған жолақтарды жүзеге асырған кезде қызмет көрсететін сауда орындарының жанында негізгі тұрақтардың жоқтығы да бар», – деді Алматы полиция департаменті басқармасының аса маңызды тапсырмалары бойынша аға инспекторы Болатбек БАЯТАНОВ.