Келесі сайыс Шымкент қаласында өтпек
Кәсіби шеберлігін көрсеткен арнайы техника жүргізушілері «Топ Драйвер» байқауында бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
25 үздікті анықтаған сайысқа қатысушылар елдің әр түкпірінен келген. Ал негізгі ұйымдастырушы - Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan. Экскаватор мен жүк көліг жүргізушісінің арасындағы байқау жалпы қалада бірінші рет өтіп тұр. Теориядағы білігін сынаған ең үздік деген 25 адам 20 тонналық құрылыс техникасын басқаруда да қалыс қалмады. Бірнеше кезеңге жалғасқан сын-сайыстың соңы марапат пен сый тартуға жалғасты.
«Бүгін өткізіп жатқан іс-шарамыз Қазақстанда бірінші рет өткізіліп жатыр. Негізгі мақсатымыз – Жаңа Қазақстанда жастарымызды жаңа мамандыққа тәрбиелеп, қызығушылығын арттыру», – деді «Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan» ЖШС директоры Азамат Әжібек.
Кәсібилер байқауын ұйымдастырушылардың басында Sevalo компаниясы тұрғанын айта кету керек. Бұл SDLG маркалы құрылыс техникасының жаһандағы жалғыз дестрибьютері. Аталған зауыт негізінен экскаватор, бульдозер мен түрлі жүк көлігін шығарумен айналысады.
«10 жыл бойы Sevalo компаниясымен белсенді жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт аралығында біз 3000-нан аса арнайы техниканы саттық. Енді мұндай сайысты жиі өткізсек деп жоспарлап отырмыз. Себебі, бұл – жүргізушілердің кәсібилігін арттыруға септігін тигізбек» – деді SDLG компаниясының өкілі Ли Лижун
Ұйымдастырушылар мұндай қызық пен кәсібилікке толы байқауды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Келесі сайыс Шымкент қаласында өтпек.
Мадина Оқас, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы