Алматыда ақылды бағдаршамдар орнатылмақ

21.01.2020 00:58

Бастапқыда 93 бағдаршам іске қосылады

Almaty.tv

Ол қаладағы жол-қозғаласын реттеп, апатты жағдайлардың алдын-алуы үшін қажет. Бұл туралы бүгін қалалық мобильділік басқарма басшысы хабарлады. Мұндай жұмыстар Алматы қаласындағы ерекше мәртебесі туралы заңға енгізілген өзгерістер аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мегаполисте ақылды бағдаршамдар биылдан бастап жұмыс істейтін болады. Бастапқыда 93 бағдаршам іске қосылады. 2022 жылға дейін қаладағы барлық бағдаршамды осы жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр.

«Бұл ақылды бағдаршамда белігілі бір анықталған фазалар орнатылған,  яғни 20-30 секунд. Ол машинаның бар-жоғына қарамастан, толық уақыт жанып тұрады. Тиісінше, қазіргі ақылды жүйелі бағдаршамдық нысанды өздері анықтайтын болады. Олар жол торабында орналасқан машиналардың санын, көлемін және олардың жылдамдығын анықтап, жол қозғалысын реттейтін болады», - деді қалалық мобильділік басқарма басшысының орынбасары  Қанат БАЙҚОҢЫРОВ.