Алматыда жол апаты азаймай тұр

01.09.2023 01:07

Бес мың адам зардап шегіп, 132 адам қаза тапты

turkystan.kz

Кәмелет жасына толмаған балалар жол апатынан қыршын кетіп жатыр. Алматыда көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  66 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық прокуратураның өкілі ұсынған деректерден мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол апатының саны да артқан, бірақ зардап шеккендер азайған.

– Былтырдан бері 50 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бес мың адам зардап шегіп, 132 адам қаза тапты. Оның ішінде 14-і кәмелетке толмағандар, – деді қалалық Прокуратура басқармасының аға прокуроры Асқар Істаев.

Оқи отырыңыз: Сейфуллин даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі