Газ құю бекетінің істемеуі салдарынан қоғамдық көліктер тоқтап қалды

07.10.2021 01:15

Жауаптылар ақаудың ертеңге дейін ретке келтірілетінін айтып сендірді

Бүгінде Алматыда 48 қоғамдық көліктің жұмысы тоқтап қалған. Соның нәтижесінде қала тұрғындары тарапынан наразылық туды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Бұл жағдайды «Алматыэлектротранс» өкілдері троллейбустардың жұмысқа шықпауымен байланыстырды. Өйткені олар ескірген кабельдердің кесірінен жүрмей қалыпты. Сондай-ақ бірнеше көгілдір отынмен жүретін автобустар да жолға кестеден кеш шыққан. Оған газы бар жанармай бекеттерінің істемей қалуы себеп екен. Жауаптылар ақаудың ертеңге дейін ретке келтірілетінін айтып сендірді.  

«Істен шыққанда 2 кабелі күйіп кетті. Бір сәтте дүмпу болып, 2 кабелі күйіп кетті. Қазір жасап жатыр, екі сағаттың ішінде дайын болады. Бүгін тексеріс жасаймыз, бәрі жақсы болса, ертеңгі жағдай басқаша болады», – деді «Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Берікхан Мырзакәрімов.