Алматыда жауған қалың қардың салдарынан әуежайда кесте өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
12 рейс бір сағатқа кешігіп ұшқан. Оның ішінде Мәскеу, Дубай, Дели, Астана және Павлодар бағытына қатынайтын рейстер бар. Сондай-ақ Стамбұл мен Душанбеге қатынайтын екі әуе бағыты шегерілген. Қазір әуежайдағы жұмыс қалыпты режимге көшкен.
«Қардың қалың түскеніне қарамастан Алматы әуежайы штатты режімде жұмыс істеп жатыр. Ұшу-қону жолақтары бірден қардан тазаланды. Ұшақтарды көктайғаққа қарсы өңдеу үшін материалдар жеткілікті. Алматы халықаралық әуежайы халықаралық азаматтық авиация ұйымының ІІІ В санатына ие болған еді. Бұл экипажда осындай санат болған жағдайда қалың тұман мен қар жауса да, көрініс 75 метрге түссе де ұшақтарды қабылдай алатынын білдіреді», – деді «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы Наталья СОКОЛОВА.