Алматы қалалық мобильділік басқармасы жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды
Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты 1-3 шілде аралығында кешкі сағ. 22:00 мен таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта Абай көшесінің Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі.
Батыс бағытта жол қозғалысы Абай даңғылының оңтүстік бөлігі бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қонаев көшесінің Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелетін болады.
Асфальт жабынын төсеу жұмыстарына байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысындағы жолайрықтың тоннель бөлігінде 28-30 маусым аралығында кешкі сағ. 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағытта Қожабеков, Науаи және Гагарин көшелерімен ұйымдастырылады.
Маңайдағы көшелерде көлік қозғалысы өзгеріссіз қалады.
Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтініп, жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.