Әр құрамда қазір санитарлық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр
Елордадағы "Экспресс" филиалында 200-ге тарта жолаушылар вагоны іске қосылуға әзір. Олар теміржолға 1 маусымда шығарылады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әр құрамда қазір санитарлық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Егер бұрындары дезинфекциялық шаралар айына екі мәрте ғана жүргізілсе, 1 маусымнан бастап әр жөнелтудің алдында жасалмақ. Ал «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының қызметкерлері бетперде мен қолғап киіп, әр ауысым алдында медициналық бақылаудан өтуі тиіс.
«Дезинфекциялық жұмыста не істейді? Біріншіден, қызметкерлер пойыздың ішіндегі еден, үстелдер, дивандар, жататын орындар, есіктерін арнайы құралдармен сүртіп, дезинфекция жасайтын болады», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ.