Алматыда қандай қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

29.03.2023 в 02:47
gov.kz

Жеңіл атлетика чемпионатының өткізілуіне байланысты 29 наурыз күні қоғамдық көліктің бағыты өзгереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төмендегі маршруттардың қозғалыс сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі:

  • № 105 - Оңтүстік бағытта - Момышұлы к-сі – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге оңға қарай бұрылып  – «Атлетикалық ауыл ТК» аялдамасына барғаннан кейін кері қарай бұрылып (шығыс) – Аднан Мендерес к-сі - Момышұлы к-сі – әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 19 – Батыс бағытта – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып  – Нұркент соңғы аялдамасына қарай бағыттайды, әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;
  • № 201 - Оңтүстік бағытта - Момышұлы к-сі – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып – «№209 мектеп-гимназиясы» соңғы аялдамасына қарай бағыттайды,  әрі қарай сызба бойынша, кері  бағытта – өөзгеріссіз.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы