ТЖМ жүргізушілерге көлікті өрттен қорғау ережелері туралы ескертті

22.09.2024 14:25

Автокөлікті өрттен қорғаудың бірнеше ережесі ұсынылды

elements.envato.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелеріне тиісті ережелерді ұстануды еске салады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлікті өрттен қорғау үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • техникалық байқаудан уақытында өткізу;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
  • әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 90-нан асқан кейуана тоғыз баласын сотқа берді