Аталған бекеттен өту зейнеткерлер мен ардагерлерге тегін
"Кімасар" бақылап өткізу пункты ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Ол Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Медеу филиалы Кіші-Алматы орманшылығы Кімасар шатқалында ораналасқан.
Бекеттен жоғары жол бойында демалыс орындары, яғни үстелдер, скамейкалар орнатылған. Бақылау пунктінен шамамен 1 км жерде автокөлік тұрағы бар, одан ары жаяу жүргіншілер жолы басталады.
"Кімасар" арқылы Бутаковка шатқалына өтуге болады, сонымен қатар кіші Кімасар сарқырамасына, Фурманов-Панорама, Шымбұлақ, Бушата шыңдарына көтеріле аласыз.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап бақылап өткізу бекетінен өту ақылы, құны 545 тг-ні құрайды. Оның ішінде 345 тг ҚР Салық кодексінің 589-592-баптарының негізінде 0,1 АЕК мөлшерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық аударымы болып табылады. 200 тг мөлшерінде сома ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 30.12.2020 ж. № 27-56/253 бұйрығымен бекітілген тарифтерге сәйкес ұлттық парк аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша қызмет көрсеткені үшін алынады.
Аталған бекеттен өту зейнеткерлер мен ардагерлерге тегін.