|
17.05.2023 | 09:31
16358

Алакөлде туристік маусым қашан басталады

Келушілерді көптеген жаңалық күтіп тұр

Алакөлде туристік маусым қашан басталады mail.kz

Алакөл көлі жағалауында туристік маусым 15 маусымда басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл жайлы демалысты ұйымдастыру үшін Абай облысының әкімдігі жол картасын әзірледі. Оған 40-қа жуық шара енді. Келушілерді көптеген жаңалық күтіп тұр.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов айтып берді.

Сондай-ақ Абай облысында жазғы кезеңде Алакөл көліне жолаушылар тасымалы ұйымдастырылады.

Қазір Үржар ауданының Алакөл көлінің жағалауында су бұру каналын салу үшін жер құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көл жағалауын электрмен жабдықтау мәселесі де шешілу үстінде. Сараптама қорытындысы алынды. Жобаларды іске асыру жағы қарастырылып жатыр.

Жазғы кезеңде Алакөл көліне 4 автобус жолаушы тасымалдайды. Сондай-ақ «Семей-Жалаңашкөл» станциясы теміржол маршрутына қызмет көрсетуге тендер өткізілді. Оның жеңімпазы - «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Биыл құрамына 5 вагон енген пойыз аптасына 3 рет қатынайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир