Алматы мен Қазан туризмді қалай дамытпақ

коллаж
коллаж
Екі жақ туризм саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екі жақты ынтымақтастықты дамыту аясында Қазан қаласынан келген делегация үшін өткізілген ақпараттық тур аяқталды. Қазан делегациясының өкілдері Қазақстан Татарстан үшін  үнемі тартымды екенін, ал Red Wings әуекомпаниясы Алматы – Қазан тікелей рейсін ашу арқылы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерді арттырғанын атап өтті, деп хабарлайды Almat.tv тілшісі Алматы қаласының туризм басқармасына сілтеме жасап.

Сапар барысында туризм саласының өкілдері маңызды мәдени және туристік нысандармен танысты, сондай-ақ туризм саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, ол қалалар арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға белгілі бір серпін береді, атап айтқанда Қазан және Алматы арасындағы туристік ағындардың сапалы алмасуын реттеуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде Алматыда әлемнің түрлі елдерінен келетін туристердің қатары өсуде. Қаланың іскерлік, экологиялық, мәдени-этнографиялық, тау шаңғысы туризмін, сондай-ақ отбасылық демалысты дамытудағы мүмкіндіктері үлкен. Статистика бойынша 2022 жылғы 3 тоқсанда Алматы қаласына 270 мыңнан астам шетелдік туристер келді. Шетелдік туристердің ең көп ағыны Ресей, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, ГФР, АҚШ, ҚХР, Оңтүстік Корея және т.б. Алдағы уақытта шетелдік туристер ағынын жыл сайын 1 миллионға дейін көбейту жоспарланып отыр», – деп хабарлайды Алматы қаласының туризм басқармасы.

Новости партнеров