Қазақстан 7 елге тікелей рейс ашты

Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан былтыр 7 елге тікелей қатынайтын 10 жаңа әуе бағытын ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.

Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті.

Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз деп отыр министрлік өкілдері.

Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты.

«Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн астам туристі қабылдаған. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті», – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Новости партнеров