Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді – Асхат Оралов
baigenews.kz
ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіші жақсарып, 66-шы орынға жайғасты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты.«Жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте жоғары әлеуетке ие. Мысалы, баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша еліміз 1-орынды, Халықаралық келу маусымдылығы бойынша – 26, мәдени көрікті жерлерге қызығушылық бойынша – 37 орында», – деп толықтырды Асхат Оралов.
ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады. Индекс елдерді 100-ден астам жеке бейіндік көрсеткіштер бойынша бағалайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00