Медеу мен Шымбұлақ қашан ашылады

wikiway.com
wikiway.com
«Медеу» мұз айдыны басшылығының ұсынысын қазір қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қарап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы бас санитарлық дәрігері «Медеу» мен «Шымбұлақ» курортының карантин уақытында қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы туристік нысандарға келсек, олардың оң және теріс тұстары бар. Ашуға тыйым салынатын себебі – адам көп жиналады. Жақсы жағына келсек, бұл жерде ультракүлгін сәуле көп. Ол әлбетте вирусты жоюға септігін тигізеді», – деді Жандарбек Бекшин. 

Одан бөлек бас санитарлық дәрігер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын ашу туралы ұсыныс түспегенін айтты. 

Ал «Медеу» мұз айдыны басшылығының ұсынысын қазір қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қарап жатыр. 

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп кележатқаны айтылған болатын. Осыған байланысты ол шетелге барудан уақытша бас тартуды ұсынды. Сонымен қатар, қалада ПТР талдауының қуатын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделген.

Новости партнеров