Бұған дейін мейманханаға салынған айыппұл көлемінің аздығына қатысты дау туған еді
Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алакөлге лас су құйған қонақ үйді сотқа берді. Ведомство басшылығының сөзінше, қонақүйде суды ағызуға экологиялық рұқсат болмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұған дейін мейманханаға салынған айыппұл көлемінің аздығына қатысты дау туған еді. Ендігі көздегендері – сот арқылы аталған нысанды жабу.
Айта кетейік, жазда Алакөлде демалушылар бассейіннің кір суы көлге ағып жатқанын түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратқан еді. Онда тұнық суға сұр түсті қалдық судың құбыр арқылы құйылып жатқаны анық көрінеді.