Алматыда тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды

21.01.2019 22:06

Алматы тау класстерін және Алматы облысының агломерациясын дамыту мақсатында шеберлік жоспар жасалды. 2030 жылға дейінгі туризм саласын жетілдіруге бағытталған құжатты Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша Австрияның «Master Concept» компаниясы әзірлеген.

Маңызды жоспар Алматы маңындағы барлық тау локацияларын қамтиды. Олардың ішінде «Түрген», «Ақбұлақ», Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, «Табаған», «Бутаковка», «Пионер», «Көкжайлау» және «Қаскелең» бар. Master Concept компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнердің сөзінше, Алматы тау кластерінің туристік потенциалы өте жоғары. Шеберлік жоспар аясында 470 шақырым соқпа және 85 шақырым велосипед жолдарын, 45 шақырым атпен жүру бағыттарын, 250 шақырым шаңғы трассаларын салу қарастырылған.

«Таудың потенциалы жоғары. Тау ылдиларын дамытуды қолға алғанда тағы да қосымша соқпақтар пайда болады. Яғни, оларды байланысатындай етіп жасауға мүмкіндік бар», – деді Master Сoncept компаниясының бас директоры Гернот ЛЯЙТНЕР.



Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы облысы әкімдігінің басшылығымен бірге көшпелі жиын өткізіп, өңірдің барлық тау локацияларын аралап шықты. Қала басшысы тау аумағында қолжетімді спорттық-отбасылық курорт ұйымдастыру үшін ЦСКА тау шаңғысы базасын қаланың коммуналдық меншігіне беру жөнінде мәселені қарауды ұсынды. Одан бөлек, Алматы әкімі тау туризмін дамыту мақсатында қала маңындағы «Пионер» және Oi-Qaragai Lesnaya Skazka демалыс орындарына халықты тасымалдауды ұйымдастыруды жүктеді. Жаңа автобус бағыттары аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері 2-3 сағаттық интервалмен қатынамақ.