Олар 5 айда Абай, Шәкәрім, Әуезовтің туған өлкесін аралап шықты
«Алматы номад» саяхатшылар клубы «Туған жер: Туған өлкені аралау» жобасын қорытындылады. «Жастар жылына» арналған бұл жобаға ҚР Тұңғыш Презинденті – «Елбасы» қоры қаржылай қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
300 үміткерден іріктеліп алынған 20 байқау жеңімпазы Оңтүстік пен Шығыс Қазақстанның ежелгі жерлерін аралап, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің туған жерлерін көріп қайтты. Алған әсерлерін саяхатшылар өлең, сондай-ақ мақалалар мен зерттеу арқылы бейнеледі. Жобаны жүзеге асыру мерізім 5 айға созылған.
«Біз мотивациясы жоғары жастарды таңдадық. Жолы оңай емес. Әсіресе, Шығыс Қазақстан бойынша. Жол ұзақ, оның үстіне сапасы нашар. Ешқандай жағдай жасалмаған. Соған төзе алатындарды ғана алдық. Ал, олардан біз мақала, зерттеу материалдарын талап еттік», – деді «Алматы Номад» саяхатшылар клубының директоры Мәдина АШИЛОВА.
«Маған қатты ұнады. Жаңа достар, жаңа таныстықтар. Өте ерекше сезім. Бұларды тек кітап бетінде ғана көретінмін, оларды көзбен көрі мүлде ерекше екен. Осындай жобалар көп бола берсе, жастарға үлкен мүмкіндік болар еді», – деді жобаға қатысушы Махаббат БОЛАТБЕКОВА.