Халықаралық тәжірибе негізінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мастер-жоспары әзірленді
Республикалық ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚРЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар елдердің (АҚШ, Андорра, Австралия және т.б.) халықаралық тәжірибесін зерттеді, онда экологиялық туризмді дамытудың негізгі принциптері айқындалған. Шет елдерде маңызды табиғат объектілердің сақталуын қамтамасыз ете отырып, кешенді тәсілдері қолданылады. Халықаралық тәжірибе негізінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мастер-жоспары әзірленді.
Атап айтқанда, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде эко-туризмді дамытудың мастер-жоспарының негізінде ұлттық парктер жұмысының американлық моделі салынған, өзінің жұмыс істеуі және табысты дамуының жүз жылдық тарихы бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық пактерінде жабдықталған туристік соқпақтарда, кемпингтерде, заманауи санитарлық кабинкаларда және басқа да инфрақұрылымның аса қажеттілігі байқалуда.
Аталған мастер-жоспарды іске асыру шеңберінде Іле-Алатау паркінде заманауи визит-орталықтар, медициналық пунктер, глэмпингтер, кемпингтер, этно-ауылдар құру, маршруттар мен соқпақтарды абаттандыру және дамыту көзделеді және т.б.
Жоғарыда аталған барлық жұмыстарды бақылайтын ұлттық парк болады. Туристік объектілердің құрылысы ұлттық парктің жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланатын болады.
Бірінші кезеңде Аюсай шатқалында заманауи визит-орталығын салу жоспарлануда, мұнда келушілер ұлттық парк туралы қажетті ақпаратты алады және өздеріне демалыстың оңтайлы түрін таңдайды. Ұлттық парктің аумағында келушілердің қолайлы болуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік сипаттағы объектілер құру көзделген, оның ішінде тау соқпақтарды, қарау алаңдарын, көпірлерді абаттандыру және автотұрақ орындарын жайластыру.
Инвесторге жалпы аумағы 35 гектар Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Каменка, Талғар, Көкбастау және Түрген орман шаруашылықтары шекараларының шегінде жер учаскелер пайдалануға берілді.
Инвестормен кезең-кезеңмен 10 заманауи визит-орталықтар салу, 155 км астам жаяу маршруттар жайластыру және тағы басқалар жоспарлануда. Жоба аралас салаларда жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, кәсіпкерліктің дамуын және туризм саласындағы жоғары білікті кадрлардың өсуін қамтамасыз етеді.
Инвестормен барлық жұмыстар қоршаған ортаға зиян келтірмей іске асырылады, ал тұрғызылатын құрылымдар заманауи экологиялық материалдардан әзірленеді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта қалған мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бойынша ұқсас эко-туризмді дамытудың мастер-жоспарлары әзірленуде.
Айта кетерлігі, ұлттық парк бұрынғыдай кез-келген қазақстандық үшін баруға қолжетімді болады.Туристік орталығы және соқпақтар тегін болады, парк аумағында болу неғұрлым ыңғайлы, қауіпсіз және барлық заманауи талапқа сай келетін болады.