Каспий теңізіндегі туризм дамиды

29.08.2019 00:22

Каспий саммитінде ТМД елдерінен келген делегаттар бас қосты

открытые источники

Бүгін осы мәселені талқылап, тиісті ұсыныстарын білдіру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей мен Түркменстаннан келген делегаттар бас қосты, деп хабарлайды 

Almaty.tv тілшісі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен форумнан бөлек Каспий маңы республикаларының бесжақты кеңесі де өткізілді. Келелі басқасуда бесінші Каспий саммитінде қабылданған шараларды жүзеге асыру мәселелері талқылады. Делегаттар аталмыш шараның туризм саласына тың әсер беріп, осы саладағы мәселелердің нақты шешімін табуға және Каспий маңындағы мемлекеттердің қарым-қатынасын нығайтарына сенімді.