Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ең биік нүктесінде визит-орталық іске қосылды

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Вице-премьер визит-орталықтардың қызметімен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында туристік мақсаттағы бірқатар нысандарды аралап, мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, «Медеу» базалық станциясындағы және «Шымбұлақ» ТШК ең жоғары нүктесіндегі визит-орталықтар, сондай-ақ болашақ «Tenir Eco Hotel» глэмпингтік аймағының құрылыс алаңы қаралды.

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді қалада туризм саласына жеке инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы жылы жеке қаражат есебінен қаланың негізгі көрікті жерлерінде 2 визит-орталық салынды және «Tenir Eco Hotel»  глэмпингтік аймағының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда. Үш жоба бойынша тартылатын жеке инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд тг құрайды.

Вице-премьер визит-орталықтардың қызметімен танысты. Бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ең биік нүктесінде 3200 м визит-орталық іске қосылды. Визит-орталықта курорт туралы ақпарат алуға, кәдесый өнімдерін және «Шымбұлақ» лейблі бар фирмалық киімді сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға, тау шаңғысы мен сноубордта сырғанауды оқыту бойынша нұсқаушының қызметтерін және тауға жаяу жорық, қарда жүру, парапланмен ұшу бойынша қызметтерді сатып алуға болады.

«Шымбұлақ» ТШК-ның бас директоры Ринат Абдрахманов «Медеу» базалық станциясында желтоқсан айының басынан бастап «Денсаулық соқпағы» бастауы, барлық жастағы қонақтар үшін экотуризм саласындағы ақысыз білім беру жобасы болу үшін визит орталығы іске қосылғанын айтты. Ол Медеу арқан жолының станциясында орналасқан және туристік ақпараттық орталықты, «оқиға офисін» және жайлы фуд-кортты қамтиды.

Өз кезегінде, ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған «Tenir Eco Hotel» глэмпингтік аймағынан Іле Алатауы шыңдарының панорамалық көрінісі ашылады. «Tenir Eco Hotel» глэмпинг аймағы жобасының инвесторы Владимир Сарыбеков іске асырылып жатқан эко-үйлер толығымен қазақстандық зауыттарда жиналғанын, рециркуляциялық тазарту жүйесімен жабдықталғанын, бұл экологияны сақтау үшін маңызды екенін атап өтті.

Вице-премьерге, сондай–ақ, курорт аумағында Қазақстандағы ең ірі тау шаңғысы мектебі — «Шымбұлақ» тау шаңғысы және сноуборд мектебі жұмыс істейтіндігі баяндалды. Жыл сайын мектепте тау шаңғысы мен сноубордтан 10 000-нан астам сабақтар өткізіледі, ал оқушылар саны 15 000 адамнан асады.

Нысандарды аралау нәтижесі бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов туризм мегаполистің экономикалық дамуының драйвері болуға лайықты екенін атап өтті. Қонақ үйлер, тау шаңғысы кешені, мейрамханалар, дәмханалар, хостелдер және әртүрлі бағыттағы демалыс орталықтары орналасқан курорттың барлық маусымда да қызмет ететінін ескере отырып, емдік-сауықтыру туризмін дамытуға да ерекше назар аударылуы қажет. Әсіресе, коронавирустық пандемия жағдайында қала тұрғындары мен қонақтары оңалудан кейінгі кезеңде де, ағзаның иммундық жүйесінің профилактикасы мен нығайтуы үшін де тауларға келе алуына барлық жағдайлар жасалуы қажет.

Анықтама: Алматыда туристік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 3 жыл ішінде 1000 км-ге жуық тау жаяу маршруттары цифрланды, олардың ішінде жалпы ұзындығы 325 км болатын 25 тау маршруттары абаттандырылды. Ағымдағы жылы Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында жалпы ұзындығы 171 км 11 тау маршруттары абаттандырылуда. Маршрут бойында ақпараттық тақталар, стендтер, бағыттамалар, сәкілер, отыру орындары орналастырылған. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары таулы жерлерде серуендеу кезінде бағыттарын бағыттарын дұрыс айқындай отырып, демалысын ұйымдастыра алады. Сонымен қатар, туристердің ақпараттарға ие болуын арттыру үшін бүгінгі күні қалада туристерге ақпарат беретін 8 орын жұмыс істейді.

Новости партнеров