Алматыдағы тауларда жасанды қар көшкіні жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында Төтенше жағдайлар қызметінің таудағы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Бұл оқу-жаттығу қаңтардың 31-нен ақпанның 2-не дейін жалғасады.
Құтқарушылар «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жасанды қар көшкінін жүргізеді.
Департаменттін болжауынша, бұл күндері тауда қалың қар жауады.
«Шымбұлақ» әкімшілігі бұл күндері тау-шаңғы курорты жұмыс істемейтінің мәлім етті. Өз кезегінде, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар қызметі төніп түрған қауіпке байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауға бармау керектігін ескертеді. Тауда демалатындар мен сырғанаушыларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп мәлім етті ТЖД өкілі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30