Лабубу феноменіне жауап: «Руки Вверх!» әншісі өз ойыншығын шығармақ

26.06.2025 23:57

90-жылдардың аңызға айналған «Руки Вверх!» тобының жетекшісі Сергей Жуков ойыншықтар нарығына шығуды жоспарлап отыр

Коллаж

Ол соңғы уақытта әлем бойынша танымал болған Лабубу ойыншығына бәсекелес ресейлік аналогын шығармақшы. Жаңа кейіпкердің аты – Бабайка, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бабайка – бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сұр жүнді, қызғылт бас киім киген сүйкімді әрі жұмбақ тіршілік иесі. SHOT Telegram арнасы кейіпкердің алғашқы концептін де жариялады.

Жоба авторлары бұл тек ойыншық қана емес, болашақта өз киноәлемі бар тұтас брендке айналатынын айтады. Осы мақсатта Сергей Жуковтың серіктесі ретінде белгілі режиссер Алексей Учитель қатыспақ.

Айта кетейік, Лабубу – гонконгтық дизайнер Ка Синг Лунг жасаған, тістері ақсиған күлкісімен танымал эльф-құбыжық. Ол соңғы жылдары жаһандық танымалдыққа ие болды.

Жуков пен оның командасы енді ресейлік Бабайка арқылы осы үрдіске жауап беруді көздейді.

Оқи отырыңыз: Құбыжық ойыншық: сәнге айналған Лабабу бала психикасына қалай әсер етеді

Теги: игрушки