Украинадағы сайлаудың екінші турында Владимир Зеленский 73% дауыспен жеңіске жетті

22.04.2019 05:13

Өзінің жеңіске жеткенін білген Владимир Зеленский халықтың үмітін ақтауға уәде берді

Украинадағы президенттік сайлаудың екінші турының алдын ала қорытындысы бойынша 73,2 пайыз дауыс жинаған әзілкеш актер Владимир Зеленский жеңіске жетті. Ал, оның қарсыласы - елдің қазіргі президенті Петр Порошенко 25,3 дауысқа ие болды деп жазады Lenta.ru.

«112 Украина» және NewsOne телеарналары жүргізген экзитпол нәтижесіне сәйкес, Зеленский - 72,5, Порошенко - 27,5 пайыз дауыс жинаған.

Өзінің жеңіске жеткенін білген Владимир Зеленский халықтың үмітін ақтауға уәде беріп, өзіне дауыс берген украин халқына алғысын білдірді.

Президенттік сайлаудың екінші туры Украинада 21 сәуір күні өтті және жергілікті уақытпен кешкі 20:00-де жабылды.