Ер адам әлемдегі «ең үлкен мысықпен» серуендеп жүр (ВИДЕО)
Әлемдегі ең ірі мысық тұқымдас лигр деп аталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штаты, Мертл-Бич қаласында ер адам көшеде лигрмен серуендеді. Бұл бейнежазбаны The Sun басылымы жариялаған.
Кадрларда көпшілікке «Нағыз Тарзан» деген атпен белгілі Майкл Холстон әлемдегі ең үлкен мысық – лигрмен (еркек арыстан мен ұрғашы жолбарыстың буданы) серуендеп жүр. Оның салмағы – шамамен 319 келі.
Ер адамның айтуынша, лигр сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Аты – Аполлон.
Блогер видеоны YouTube желісіне салып, 120 мың қаралым жинады.
Лигр — мысық тұқымдастардың ең ірі өкілі. Ұзындығы төрт метрден асады, ал салмағы үш жүз келіден артады екен.
Дереккөз: sputniknews.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36