Күйеуі көзіне шөп салғанын білген әйел кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты
Келіншек күйеуінің көлігін жезөкшелер үйінің қасынан көріп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Австралияның Сидней қаласында күйеуі көзіне шөп салғанын білген келіншек, оның көлігінің терезесін темір баспалдақпен сындырды, деп хабарлайды Daily Mail.
Оқиға 3 маусымда болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жезөкшелер үйінің қасынан күйеуінің көлігін көріп, ашуға булыққан екен.
«Келе жатсам, мына әйел көліктің терезесіне баспалдақ тығып жатыр», - дейді оқиға куәгері.
Оның сөзіне сүйенсек, келіншек жезөкшелерге барғаны үшін күйеуінен осылайша кек алған көрінеді.
Желі қолданушылары ер адам жезөкшелер үйіне құбырды тексеруге баруы да мүмкін ғой, қызғаншақ әйел қате түсініп қалған шығар деп пайымдады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10