|
11.09.2019 | 02:35
15978

Apple компаниясы жаңа iPhone11 смартфондарын таныстырды

IPhone 11 бағасы - 699 доллардан басталады

Apple компаниясы жаңа iPhone11 смартфондарын таныстырды

10 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone (iPhone 11, 11 Pro және 11 Pro Max) жаңа модельдерін, Apple Watch және iPad ұсынды. Презентация компанияның Калифорниядағы штаб-пәтерінде өтті және Apple сайтында трансляцияланды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

iPhone 11 6,1 дюймдегі Liquid Retina дисплейі орнатылған. Артқы панельде - 12 мегапиксельден екі камерасы бар. Камералар қараңғыда да суретке түсіре алады. Алдыңғы камера да 12 мегапиксель. Смартфон процессоры - А13 Bionic - құрастырушылардың айтуынша, бұл нарықтағы ең жылдам процессор. Барлық ядроның жылдамдығы шамамен 20 пайызға артқан, нейрожелілермен жұмыс істеу үшін арнайы блок қосылған. 

iPhone 11 64, 128 және 256 ГБ жады бар күлгін, жасыл, сары, қара, ақ және PRODUCT (RED) түстерімен шығады.

 IPhone 11 бағасы - 699 доллардан басталады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир