|
02.12.2021 | 08:20
530

АҚШ-та 15 жастағы оқушы үш адамды атып тастады

Жасөспірім жартылай автоматты тапаншамен 15-20 рет оқ атқан

АҚШ-та 15 жастағы оқушы үш адамды атып тастады  © AFP 2021 / KAREN BLEIER

АҚШ-та 15 жастағы оқушы мектепте оқ атып, үш адамды өлтірді. Бұдан бөлек, алты адам жарақат алды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Мичиган штатындағы Оксфорд мектебінде болған. Жасөспірім жартылай автоматты тапаншамен 15-20 рет оқ атқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол қылмысқа жалғыз өзі барған.

Мектепте оқ атылғаны туралы ақпарат полицияға түс уақытында түскен. Оқ атқан оқушыны бес минуттың ішінде ұстады. Мектепке тіркелген шерифтің көмекшісі де ұстау операциясына қатысты.

"Мектепте үш адам қайтыс болды. Алтауы оқ жарақатын алды. Қайтыс болғандар оқушылар сияқты", — дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары оқ атқан оқушының қарсылық көрсетпегенін айтты. Өзі де жарақат алған жоқ.

Айта кетері, қыркүйекте 18 жастағы студент Тимур Бекмансуров Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде оқ атып, алты адамды өлтірді, тағы 24 студент жарақат алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир