Кабул ауруханасы маңында жарылыс болып, 23 адам көз жұмды

© AP Photo / Abdullah Sahil
© AP Photo / Abdullah Sahil
Жергілікті БАҚ Ислам мемлекеті террористері мен тәлібтердің аурухана ішінде атысқанын жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауғанстан астанасында аурухана маңында жарылыс болып, арты атысқа ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.


"Террористердің шабуылы денсаулық сақтау министрлігі жанында орналасқан 400 адамға лайықталған ауруханада болды", – деп хабарлады Кабулдағы оқиға куәгерлері.

Содан кейін тағы бір жарылыс болды, арты атысқа ұласты, деп жазып жатыр жергілікті телеарналар.


Ғимарат ішіне бір топ террорист кіріп, тәлібтермен атыс басталды.


РИА Новости дереккөзінің хабарлауынша, ауруханаға төрт адам шабуыл жасаған. Олардың бірі есік жанында өзін-өзі жарып жіберген, қалған үшеуін тәлібтер өлтірген.


Әлеуметтік желіде жарылыс болған Кабул ауруханасында түсірілген болуы мүмкін видеолар тарады.



Жергілікті БАҚ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап қарулы қақтығыс кезінде кемі 23 адам қаза тауып, 50 адам зардап шеккенін жазды.


Ауғанстанның Bakhtar агенттігі шабуылды Ислам мемлекеті ұйымдастырған деп жазды.


Новости партнеров