Сондай-ақ 70 адам жарақат алып, кейбірі ауруханаға жеткізілді
Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпірдің құлауы салдарынан мерт болғандар саны 90-нан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Нақты айтқанда қайғылы жағдай салдарынан 91 адам мерт болды. Сондай-ақ 70 адам жарақат алып, кейбірі ауруханаға жеткізілді.
Көпір ондағы адамдар саны 500-ге жеткенде құлаған. 100-ден астам адам суға түсіп кетті.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алайда түн болғандықтан іздеу жұмыстарын жүргізу қиын болып отыр. Билік өкілдері мерт болғандар санының артуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
«Құрбан болғандардың көпшілігі әйелдер мен балалар және қарт адамдар»,- деді оқиға орнында жүрген Тұрғын үй құрылысы және ауылдық аудандарды дамыту министрі Бриджеш Мерджа.
Осыған дейін апат салдарынан 60 адамның құрбан болғанын жаздық.