Үндістанда өрттен 14 адам көз жұмды

09.10.2023 13:30

Полиция қазіргі сәтте олардың жеке тұлғасын анықтау жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді

Indianexpress

Сенбіден жексенбіге қараған түнде Үндістанның оңтүстігіндегі Карнатака штатында отшашарлар сататын дүкенде өрт болып, 14 адам қаза тапты және бірнеше адам жапа шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәліметті жергілікті полиция растаған.

Оқиға аталған штаттың Бангалор әкімшілік аумағындағы Аттибеле ауданында болған.

Жапа шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілген. Қаза болғандардың көбі — сол дүкеннің қызметкерлері.

Полиция қазіргі сәтте олардың жеке тұлғасын анықтау жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

Дүкеннің иесі мен жердің егесі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды деген айып тағылды.