Қырғызстанға келген «Хюррем сұлтан» не үшін көзіне жас алды

10.09.2021 13:34

«Сүлеймен сұлтан» телехикаясының актрисасы Мерьем Узерли алғаш рет Қырғызстанға келді

marieclaire.ru

«Сүлеймен сұлтан» телехикаясының жұлдызы Мерьем Узерли Қырғызстан әншісі Нұрайым Азықбаеваның өнеріне тәнті болды.

Азықбаеваның ағылшын тіліндегі әні «Хюррем сұлтанның» көңілін босатып, көзіне жас алдырды. Видеоны актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп жазды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

«Құрметті Нұрайым! Сіздің күш-жігеріңіз, әнді орындау шеберлігіңіз, тамаша дауысыңыз бен әніңіз, бізге деген махаббатыңыз, біз үшін ән айтқан сәтіңіз менің көңілімді толқытып, жүрегімді елжіретіп жіберді. Мені осы сезімге бөлегеніңіз үшін мың алғыс. Сіз керемет әртіссіз», – деп жазды түрік-неміс актрисасы.

Ол Қырғызстанға Азия халықаралық кинофестивалінің шақыруымен ұшып келді. Актриса Азияда түсірілген телехикаяларға арналған жүлде туралы айтып, оны таныстырды. Узерли Бішкекте жанкүйерлермен кездесе алмады – пандемия мен тығыз жұмыс кестесі кедергі болды. Актриса Қырғызстанға алғаш рет келгенін және бұл ел туралы көп оқығанын айтты.

Ол жергілікті салт-дәстүрмен, мәдени ерекшеліктермен танысты. Делегациямен бірге бірнеше көрікті жерді аралады, тіпті жергілікті музейді де тамашалап үлгерді.