Оңтүстік Кореяда құрылыстағы өрт құрбандарының саны 36-ға жетті

30.04.2020 в 13:42

Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан Инчхондағы өрт жергілікті уақытпен 13:32-де басталған

Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында құрылыс алаңындағы өрт құрбандарының саны 36 адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Yonhap» агенттігіне сілтеме жасап. 

Қаза тапқандар саны бұдан да артуы мүмкін. Себебі өрт шыққан уақытта құрылыс алаңында болған шамамен 78 адамның басым бөлігінің қайда екені белгісіз. Бұдан бөлек, оқиға салдарынан 10 жұмысшы түрлі деңгейде жарақат алған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан Инчхондағы өрт жергілікті уақытпен 13:32-де басталған. Құтқарушылар өртті тек 18:42-де ғана сөндіре алған. Жергілікті биліктің пайымынша, өрт оқшаулау жұмыстары үшін пайдаланылатын жанғыш химиялық зат - уретанмен жұмыс істеу кезінде және құрылыс алаңының жертөлесінде жүк лифтін орнату барысында болған жарылыстан кейін тұтанды.

«Өрт өте жылдам тараған және құрбандардың эвакуациялануға мүмкіндіктері болмаған», - деп мәлім етті өрт сөндірушілер. Президент Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея үкіметіне барлық қолжетімді ресурстарды мобильдеп, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді бұйырды.