«Сүлеймен сұлтан» сериалында ойнаған актриса қайтыс болды

12.08.2021 13:44

Ол Қазақстанда «Сүлеймен сұлтан» сериалы көрсетіле бастаған кезде танымал болған еді

Владислав Воднев

Түркиялық актриса Сабина Тозия 75 жасына қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы Хюррем-сұлтан рөлін сомдаған Мерием Өзерли жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен сені жақсы көремін. Біз үш керемет жобада бірге жұмыс істедік. Кеше сен өмірден оздың. Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей», – деп жазды ол.

Өлімнің себебі нақты айтылған жоқ. 2021 жылдың басында актрисаға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі.

Оған сәтті ота жасалды. Алайда денесінің кей бөлігі сал болып қалды.

Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Солтүстік Македонияның Скопье қаласында дүниеге келген.

2011-2014 жылдары көгілдір экранға шыққан «Сүлеймен сұлтан» сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады.