Ханзада Чарльз Британияның жаңа монархы болған соң Карл III есімін алды
rbc.ru
Карл III Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Британия патшайымы Елизавета II 96 жасында өмірден өтті. Енді тақ оның ұлы ханзада Чарльздың қолына өтіп, ол Карл III есімін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Карл III Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады. Содан соң ол ел ішінде патшайымды еске алу турына аттанады.
Елизавета патшайымның денесі 10 күннен соң жер қойнына табысталады. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болады.
Патшайымның қайтыс болуына орай көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Джо Байден, тіпті, өз мәлімдемесінде Елизавета II британ монархы ғана болып қоймағанын, ол тұтас дәуірдің бейнесін қалыптастырғанын атап өткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00