Тропикалық дауыл салдарынан Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары да қатты зардап шеккен
АҚШ-тың Луизиана мен Миссисипиде штатында «Ида» тропикалық дауылынан 15 адам адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сонымен тропикалық дауыл салдарынан Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары да қатты зардап шеккен. АҚШ президенті Джо Байден ұлтқа арнаған сөзінде бұл штаттарда дауыл салдарыннан 11 адам және Луизиана мен Миссисипиде 6 адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді.
ВВС таратқан ақпаратқа қарағанда, Нью-Йоркте адамдар өз үйлерінің су басқан жертөлелерінде қаза тапқан, бір адамның денесі аударылған көліктің астынан шығарылды.
Ал, Нью-Джерсиде бір адам көліктен шыға алмай суға тұншығып қалған. Тағы бір тұрғынның үйінің үстіне ағаш құлаған.