Сенегалда аурухана өртеніп, 11 нәресте көз жұмды

26.05.2022 22:18

Бұл туралы ел президенті Маки Салл мәлімдеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский

Сенегалда ауруханадан өрт шығып, жаңа туған он бір нәресте көз жұмды. Бұл туралы ел президенті Маки Салл мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мен аурухананың неонатология бөлімінде болған өрттің салдарынан 11 жаңа туған нәрестенің көз жұмғанын жаңа ғана естіп, қайғырып отырмын... Тивауан қаласында", - деп жазды ол Twitter-де.

Президент сондай-ақ көз жұмған сәбилердің анасы мен отбасына көңіл айтты.

Дереккөз: sputnik.kz