БАӘ-де 50 градус ыстықта жасанды жаңбыр жауды

16.07.2021 13:51

БАӘ-нің ыстық және құрғақ жерлерінде билік жаңбыр жаудыру технологияларын белсенді түрде дамытып жатыр

allfreefoto

БАӘ құрғақ жаз мезгілінде жауын-шашынды жаудырудың жаңа технологияларын сынақтан өтті,бұл туралы «Марказ аль-Асифа» ауа-райын болжау порталы мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, сәрсенбіден бері Біріккен Араб Әмірліктерінің әртүрлі ауданында жаңбыр 50 градус ыстыққа қарамастан жауып жатыр.

«БАӘ-дегі Хатта ауылының солтүстігінде, Хаджар тау сілемінде, Вади аль-Хилу, Кальба жолы және Хувайлат аудандарында жаңбыр жауды», – деп жазды портал.

Ұлттық метеорологиялық бюро Абу-Даби әмірлігінің Аль-Айн қаласының маңындағы елді мекендерде жаңбыр жауып, температура 47 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Синоптиктердің хабарлауынша, жазда БАӘ-ге жаңбыр Әмірліктерде бұлтты себу бойынша арнайы тәжірибелерден кейін жаңбыр жауған.

БАӘ-нің ыстық және құрғақ жерлерінде билік жаңбыр жаудыру технологияларын белсенді түрде дамытып жатыр, оның ішінде, биыл көктемде жауын-шашынның көбеюінің жаңа тәсілдерін сынау басталды. Осыған байланысты Әмірліктер химиялық қосылыстарды пайдаланбай бұлттардағы электр разрядтары арқылы жаңбыр тудыруы мүмкін дрондарды қолдана бастады. Бұл сынақтарды Дубайдағы SANAD академиясы ұлыбританиялық Рединг университетінің ғалымдарымен бірге өткізеді.