Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлімдеді
Адамдар арасында маймыл шешегін жұқтырғандар саны 92-ге жетті, өлім-жітім тіркелген жоқ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
21 мамырда ДДСҰ ұйымға мүше он екі елден 92 адамның ауруға шалдыққаны туралы ақпарат алды.
"Бүгінге дейін бірде-бір адам бұл аурудан көз жұмған жоқ", - деп атап өтті ұйым.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары эндемиялық аймақтарға барумен байланысты емес.