Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді
Маймыл шешегі әлемнің 70-тен астам елінде таралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 70-тен астам елде 14 мыңға жуық адамның маймыл шешегін жұқтырғанын хабарлайды. Қазіргі таңда маймыл шешегінен болған 5 өлім-жітім тіркелді, олардың барлығы Африка елдерінде», - деді Гебрейесус.
Оның сөзіне қарағанда аталған індет Еуропа елдерінде көп таралып жатыр және вирус жұқтырғандардың көбі ер адамдар.