|
05.01.2024 | 09:05
476

Швецияда 1000-ға жуық көлік қар құрсауында қалды

Жолда қалып қойған адамдар әскери көліктің көмегімен эвакуацияланады

Швецияда 1000-ға жуық көлік қар құрсауында қалды euronews.com

Еуропадағы аяз пен қар Швецияда ұзын-сонар көлік кептелісін тудырды. Салдарынан мыңдаған адамдар түнді жолда қалып қойған автомобильдерінде өткізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен түнде Швецияның оңтүстігіндегі Хербю мен Кристианстад арасындағы E22 тасжолында 1000-ға жуық көлік тұралап қалды.

Құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты және Швеция көлік басқармасының мәліметі бойынша, жол жұма күні таңға дейін жабық болады.

Жолда қалып қойған адамдар әскери көліктің көмегімен эвакуацияланады.

Түні бойы Қарулы Күштердің қызметкерлері қар құрсауындағы адамдарға тамақ пен сусын жеткізуге және көліктерін қардан шығаруға көмектесті.

Аяз Швецияның солтүстігінде жалғасуда, кейбір жерлерде температура 40 градустан төмен түседі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир