Америка жұлдыздары ашық хатқа қол қойды
200-ден астам америкалық өнерпаз жасанды интеллекті (AI) «Адам шығармашылығына шабуыл жасап жатыр» деп айыптап, ашық хатқа қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі New York Post сайтына сілтеме жасап.
Өнерпаздар жасанды интеллект жақын арада әртістердің түпнұсқа дауысының цифрлық көшірмесін жасауы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
Сондықтан үндеу авторлары электронды музыка авторларынан нейрон желілерін азырақ пайдалануды сұрайды.
- Жаңа дәуірде шығармашылық адамдары жасанды интеллектімен бәсекеге түсуге мәжбүр. Нейрон желілерін орынсыз пайдалану нағыз музыканттар мен жанкүйерлердің қадірін аяқасты етеді, - деді Өнерпаздардың құқығын қорғау альянсының атқарушы директоры Джен Джейкобсен.
Бұл хатқа Билли Айлиш, Imagine Dragons, Nicki Minaj, Pearl Jam, Katy Perry, Jonas Brothers, Джулия Майклс, Райан Теддер және басқа да актерлер, әншілер мен музыканттар қол қойған.
- Біз, әншілер мен ән авторлары, сондай-ақ төменде қол қойғандар AI технологиясы компанияларын, платформаларын және цифрлық музыка қызметтерін бастапқы жасаушылардың құқығын бұзу және құнсыздандыру үшін нейрон желілерін пайдалануды тоқтатуға шақырамыз, - делінген хатта.
Белгілі болғандай, кей компаниялар продюсерлік компаниялардың рұқсатынсыз өнерпаздардың шығармашылық жұмысын иемденіп, жасанды интеллект арқылы өңдеп, көпшілікке ұсынған.
Бұл — тікелей әуеннің түпнұсқасындағы дыбысы мен бейнесін ауыстыруға бағытталған іс-әрекет, ол шоу-бизнес өкілдерінің табыс көзіне де кері әсерін тигізуде.
Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі жарына берген уәдесін 10 жылдан кейін орындады