Қазақстан сейсмологтары Қытай мен Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Энергетикалық санаты – 13.0.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер сілкінісі 27 шілде күні Алматы уақытымен 02 сағат 37 минут 29 секундта Ауғанстан аумағында және 03 сағат 28 минут 14 секундта Қытай аумағында тіркелді. 

ҚазАқпарат мәліметінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 799 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. 

«Энергетикалық санаты – 13.0. MPV тербелісі – 6.0. Тереңдігі – 10 шақырым. Эпицентрінің координаттары - 37.39° с.е. 71.37° ш.б. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді», - делінген кезекші оператордың хабарламасында. 

Екінші жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. 

«Энергетикалық санаты – 9.7. MPV тербелісі – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. Эпицентрінің координаттары 42.03° с.е. 82.19° ш.б. Мұның да жерасты дүмпуі сезілген жоқ», - деп жазды ведомстводан.

Новости партнеров