Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 300-ден асты

03.08.2021 в 14:07

Су тасқыны кезінде 50 адам із-түссіз жоғалған

Фото: Reuters

Қытайда су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 302-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қытай билігінің мәліметінше, Хэнан орталық провинциясында болған су тасқыны кезінде 50 адам із-түссіз жоғалған. Провинцияның 13 миллион түрғыны зардап шеккен, 9 мыңға жуық үй қираған.

Чжэнчжоу билігі үш күнде бір жылдық жауын мөлшері жауғанын айтты. Қала мэрінің сөзінше, Хоу Хун жерасты тұрақтарында 39 адам өлі табылған. Тағы 14 адам қалалық метроны су басқан кезде қайтыс болған.