Қытайда зауыт өртеніп, 36 адам қаза тапты

22.11.2022 14:07

Сондай-ақ екі адам жоғалып кеткен

ria.ru
Қытайдың Хэнань провинциясындағы зауытта шыққан өрттен кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


China Media Group хабарлауынша, дүйсенбі күні түстен кейін Аньян қаласында зауыт өртеніп, 36 адам қаза тауып, екеуі жараланып, екеуі із-түзсіз жоғалған.


Өрт 16:22-де басталып, 20:00-де оқшауланған. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына 240 адам қатысты, сонымен қатар 63 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандарды іздеу ұйымдастырылып жатыр.



Теги: пожар