Қазақстан қажыларына қанша орын бөлетіні әзірге белгісіз
Биыл Сауд Арабиясы бір миллион адамға (патшалық тұрғындары мен шетелдіктер) қажылық жасауға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Almaty.tv.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше, соңғы екі жылда бірнеше мың жергілікті тұрғынға қажылыққа баруға рұқсат етілді.
Патшалықтың Қажылық және умра министрлігі исламның киелі мекені Меккеге жыл сайынғы мұсылмандық қажылыққа тек COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған және 65 жасқа толмаған адамдарға рұқсат берілетіні туралы жазды.